

ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері Косшы қаласындағы мектеп жанындағы лагерьге қатысатын балаларға «Батырлық институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ» тақырыбында танымдық музей сабағын өткізді.
Жас өрендер қазақ халқының батырлар тарихы, әскери дәстүрлері, батырдың қоғамдағы мәртебесі туралы мол ақпарат алды. Сонымен қатар, қазақ батырларының дәстүрлі қару-жарағымен танысты.
Осындай көшпелі сабақтар жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін оятып, тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелейді. Сондай-ақ өткенімізді құрметтеуге, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтап, қадірлеуге баулиды.