Басты бетАрхивші мамандығы - өткен мен бүгінің арасындағы көпір

Архивші мамандығы - өткен мен бүгінің арасындағы көпір

Архивші мамандығы - өткен мен бүгінің арасындағы көпір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялай отыра біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өз саласының мамандарының арқасында ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда. Осы орайда Қазақстандық ғалым Қаныш Сәтбаевтың сөздерін келтіргім келеді: «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер».

Мен – Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының архив қорының қағаз жеткізгіштердегі құжаттар топтамасының сақтаушысымын және өзімнің архивші мамандығым туралы айтқым келеді, өйткені оны өте маңызды және қызықты деп санаймын.

Архивші – көлеңкеде қалатын, бірақ адамзаттың мәдени жадын сақтауға көмектесетін мамандықтардың бірі. Архивші құжаттарды жай ғана сақтамайды, олардың ғылым, мәдениет және қоғам үшін құндылығын анықтайды, мазмұнын сипаттайды, ұзақ мерзімді сақтауға жағдай жасайды. Ол зерттеушілерге, журналистерге, заңгерлерге, жазушыларға және басқа да ізденушілерге көмектеседі. Осылайша, архивші – зерттеуші мен құжат арасындағы делдал, өткен мен бүгіннің арасындағы көпір.

Архившінің жұмысы үлкен ұқыптылықты, дәлдікпен шыдамдылықты қажет етеді. Өйткені, көптеген құжаттар нәзік, көне, ежелгі тілдерде және әртүрлі тасымалдағыштарда жазылған. Архивші бұлматериалдарды мұқият өңдеп қана қоймай, олардың мазмұнын түсініп, оларды дұрыс сипаттап, жүйелей білуі тиіс.

Қазіргі кезде ақпараттың басым бөлігі цифрлық форматта көбірек пайда болған уақытта архивші мамандығының алдында жаңа міндеттер пайда болуда: цифрлық деректерді сақтау, ақпаратты жойылу мен киберқауіптерден қорғау, электрондық архив қалыптастыру. Бұның барлығы жаңа білім мен дағдыларды қажет етіп мамандыққа серпін беріп, өзектілігін арттырады. Архивші деректерді сақтау үшін және болашақта қол жетімді болу үшін заманауи технологиялармен жұмыс істей білуі керек.

Қорытындылай келе, архивші – бұл тарихты жақсы көретін, жаңа нәрселерді білуге құштар және болашақ ұрпақ үшін жадты сақтауға үлес қосқысы келетіндерге арналған мамандық дегім келеді.

 

 

Арайлым Жүнісова 

ҚР Президенттік орталығы

Архив жұмысы қызметінің

жетекші сарапшысы