Басты бетҚХР делегациясы ҚР Президенттік орталығының музейімен танысты

ҚХР делегациясы ҚР Президенттік орталығының музейімен танысты

ҚХР делегациясы ҚР Президенттік орталығының музейімен танысты ҚХР делегациясы ҚР Президенттік орталығының музейімен танысты ҚХР делегациясы ҚР Президенттік орталығының музейімен танысты ҚХР делегациясы ҚР Президенттік орталығының музейімен танысты

«Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласынанресми делегация ҚР ПІБ Президенттік орталығының музейіне келді.

Қонақтар музей экспозицияларымен зор ынта-ықыласпен танысты. Экскурсия барысында олар Қазақстанның мемлекеттік және президенттік институттың дамуы мен қалыптасуын баяндайтын тамыры терең тарих пен тарихи мұраларымызға терең қызығушылық танытып, ерекше әсер алды.

«Біз көптеген жаңа мағлұмат алдық, қызықты экспонаттармен танысып, таным көкжиегімізді кеңейттік. Бүгінгі шара қазақ халқының бай тарихымен, руханиятымен және өнерімен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік болды. Осы сәтті пайдалана отырып, ҚР Президенттік орталықтың қызметкерлеріне танымдық экскурсия жүргізіп, көрсетілген ілтипат пен жылы қабылдау үшін алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті делегаттар.