





2025 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Президенттік орталығы музейінде 329 экскурсия ұйымдастырылып, жалпы келушілер саны 9 мыңға жуық адамды құрды.
Ерекше назар 5 – 31 мамыр аралығында өткен «Ерлік дастаны» көрмесіне аударылды, оның аясында 31 тақырыптық экскурсия өткізіліп, 594 адам қамтылды.
Келушілердің жартысына жуығын орта және жоғары оқу орындарының студенттері, зейнеткерлер мен шетел азаматтары құрды (49,6%).
Сонымен қатар, өткен айда Президенттік орталық музейіне Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, соның ішінде ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері келді.
Ерекше атап өтуге тұрарлық қонақтар қатарында Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь, Венесуэла елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдері мен Швеция, Камбоджа, Непал және Дағыстаннан (Ресей) келген шетелдік делегациялар.
Музей сондай-ақ III Қазақстандық музейлер конгресінің қатысушыларын қабылдады, олардың қатарында Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасынан келген қонақтар болды.
Музейдің ерекше қонақтары қатарында – Венесуэланың экс-президентінің қызы Росинес Чавес Родригес, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік ұлт істері комитетінің төрағасы Го Вэйпин, сондай-ақ профессор, Қытай консерваториясының ұстазы әрі әлемнің бірқатар консерваторияларында дәріс беретін, түрлі елдердің театр сахналарында басты партияларды орындаған, Қытайдың танымал опера әншісі Чжао Юньхун бастаған халықаралық опера әртістері болды.
Көптеген қонақтар Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы музейінің жұмысына жоғары баға беріп, тарихи материалдың әсерлі ұсынылуын ерекше атап өтті.
Жалпы алғанда, мамыр айы мазмұнды әрі нәтижелі ай ретінде есте қалды. Түрлі мәдени-ағартушылық бастамалармен және халықаралық байланыстардың нығаюымен ерекшеленді. Бұл Орталық жобаларының жоғары сұранысқа ие екенін көрсетіп, музейдің тарихи жадымызды сақтау, қоғамдық диалогты дамыту және Қазақстан Республикасының президенттік институтын танымал ету жолындағы маңызды алаң болып қала беретінін дәлелдейді.