Басты бетПрезиденттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді

Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді

Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді Президенттік орталық ерекше балаларға арналған жыл сайынғы арт-сессия өткізді

ҚР ПІБ Президенттік орталықта ерекше жандарға арналған «Өнердің сиқырлы әлемі» атты жыл сайынғы арт-терапиялық сессия өтті. Іс-шараны Астана қаласының «Мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Возрождение» психологиялық орталығы және «AMANAT» партиясының елордалық филиалының қолдауымен бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған маңызды іс-шара ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларды қолдау және олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық, өнер мен ойын әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын игі дәстүрдің жалғасы болып саналады.

«Бұл іс-шара жылдар бойы жалғасып келе жатқан игі дәстүрдің бір бөлшегіне айналды. Көп жылдан бергі серіктестерімізбен біз өнердің ерекше терапиялық күшке ие екеніне кәміл сенеміз: ол баланың ішкі жан дүниесін ашуға, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді», – деп атап өтті ҚР ПІБ Президенттік орталық директорының орынбасары Серік Сыдыков.

Сессия балаларды, олардың ата-аналарын, мұғалімдерді, психологтарды және арт-терапия саласының мамандарын бір арнаға тоғыстырды. «Сан түрлі саланың сиқырлы сыры» атты шығармашылық мерекенің аясында балалар түрлі интерактивті ойындарға қатысып, театрландырылған қойылым тамашалады, жұмбақ шешіп, өз эмоциялары мен әсерлерін арнайы шеберлік сағатында бейнелеу өнері арқылы жеткізді.  

Балаларға жарқын да жақсы көңіл-күй сыйлаған «AK Umai» хореографиялық ансамблі мен «Дарын» вокалдық тобының өнері іс-шараның сәнін ашты.

Бұл мереке ерекше қажеттіліктері бар балалардың толыққанды дамуы үшін қолайлы жағдай жасау барысында инклюзивтілік пен ұйымдар арасындағы тығыз серіктестіктің маңыздылығын тағы да айқын көрсетті.

Сессия соңында балаларға естелік сыйлықтар табысталып, мерекелік тәттілер ұсынылды. Серіктес ұйымдардың жетекшілері мен іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен барлық жандар алғыс хаттармен марапатталды.