Басты бетАстанада ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Арнайы мақсаттағы күштерінің Президенттік оркестрі мен Қ...

Астанада ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Арнайы мақсаттағы күштерінің Президенттік оркестрі мен Құрмет қарауылы ротасының саптық концерті өтеді

Астанада ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Арнайы мақсаттағы күштерінің Президенттік оркестрі мен Құрмет қарауылы ротасының саптық концерті өтеді

2025 жылғы 4 маусым күні сағат 17.00-де ҚР Президенттік орталығы ғимаратының алдындағы алаңда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Арнайы мақсаттағы күштерінің «Айбын» Президенттік полкінің Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестрінің Мемлекеттік рәміздер күніне арналған саптық концерті өтеді.

Аталған іс-шараның бастамашысы – ҚР ПІБ Президенттік орталығы.

Саптық концерт бағдарламасына «Айбын» Президенттік полкінің Құрмет қарауылы ротасының дефилесі мен Президенттік оркестрдің ұлттық және заманауи музыкалық шығармаларды орындауы кіреді. Жалпы, концертке 120 қызметкер қатысады.

Мұндай салтанатты рәсімдер тұрақты түрде Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Букингем сарайында, Түркияның Анкара қаласындағы Ататүрік мемориалдық кешенінде, Грекияның Афина қаласындағы Беймәлім жауынгер қабірінде, Ресейдегі Мәскеу Кремлінде, Ватикандағы Рим Папасының резиденциясында өткізіледі.

Қазақстанда мұндай рәсімдер өткізілмейтінін ескере отырып, осыған ұқсас іс-шараны ұйымдастыру еліміздің және Мемлекет басшысының имиджін ілгерілетуге, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің беделін арттыруға, отандық және шетелдік қонақтарды тартуға ықпал етеді, сондай-ақ болашақта елордадағы туристік нысандардың біріне айналады.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ел Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, мектеп, лицей және колледж оқушылары, сондай-ақ елорда тұрғындары қатысады.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес 04.06.2025 күнгі сағат 12.00 дейін saule.onalbaeva@mail.ru электрон поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а