

ҚР ПІБ Президенттік орталығы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру аясында 2025 жылғы 3 маусым күні сағат 15:00-де Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған «Қазақстанның экологиялық болашағы: сын-қатерлер, серіктестік және шешімдер» тақырыбында панельдік пікірталас өткізеді.
Панельдік пікірталас «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру бойынша нақты қадамдарды талқылауға, тәжірибе алмасуға және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде бірлескен шешімдер табуға арналған алаң болады.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылымның, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың және жастардың өкілдері қатысады. Олар кәсіби әрі сындарлы диалог арқылы экологиялық мәселелер бойынша өзара әрекеттестікті нығайтуға мүмкіндік алады.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес 03.06.2025 күнгі сағат 11.00 дейін saule.onalbaeva@mail.ru электрон поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).
Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а