Басты бетҚазҰУ студенттері әділеттілік құндылықтарын Президенттік орталықтағы семинар-тренингте талқылады

ҚазҰУ студенттері әділеттілік құндылықтарын Президенттік орталықтағы семинар-тренингте талқылады

ҚазҰУ студенттері әділеттілік құндылықтарын Президенттік орталықтағы семинар-тренингте талқылады ҚазҰУ студенттері әділеттілік құндылықтарын Президенттік орталықтағы семинар-тренингте талқылады ҚазҰУ студенттері әділеттілік құндылықтарын Президенттік орталықтағы семинар-тренингте талқылады

Қазақстан Республикасы Президентінің орталығында «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар мен құндылықтар жүйесі» тақырыбындағы осы оқу жылындағы соңғы семинар-тренинг өтті. 

Іс-шара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің екінші курс студенттерінің басын қосты. Бұл жастарға әділетті қоғам қалыптастыру және қазіргі Қазақстандағы құндылықтар жүйесі туралы тереңірек білуге бірегей мүмкіндік берді.

Оқу бағдарламасы азаматтық жауапкершілікті дамытуға, саяси қағидаттарды терең түсінуге және әділетті қоғам құрудың өзекті мәселелерін талдауға бағытталған дәрістер мен практикалық сабақтарды қамтыды. Семинар барысында студенттерге ерекше мүмкіндік туды – олар қадірлі қонақтар Венесуэланың Қазақстандағы Елшісі Росальба Ло Буэ Антико және Венесуэланың бұрынғы президенті Уго Чавестің қызы Росинес Чавес Родригеспен кездесті.  Қонақтардың Президенттік орталық музейіне сапары семинар-тренингпен тұспа-тұс келіп, студенттер дипломатиялық корпус өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, халықаралық қатынастар мен мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Семинар соңында Президенттік орталық директорының орынбасары Серік Сыдықов қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстап, олардың белсенділігі мен әділетті қоғам мен мемлекет құру қағидаттарына деген терең қызығушылықтарын атап өтті.