
Қазақстан Республикасы Президенттік Іс басқармасының Президенттік орталығықазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «IX Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауын жариялайды.
«Абай оқулары» жобасының мақсаты:Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, Қазақстан жастарының оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру.
Әдебиет байқауының шарттары:
1. Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде);
2. Түсірілген бейне Instagram әлеуметтік желісіне #IXAbay2025 хэштегімен жүктелуі тиіс;
3. Бір қатысушы бір ғана шығарма жолдай алады;
4. Байқауға өтініш 2025 жылғы 25 мамыр –10 қыркүйек аралығында қабылданады;
5. Қатысушы туралы ақпаратты (қосымша 2-суретте көрсетілген кестедегідей толтырып) және Instagram әлеуметтік желісіне жүктелген видеоны Pcenter01@mail.ru электронды поштаға салу керек.
Әдеби байқаудың қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан үздік қатысушылар арнайы дипломдар, алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысып, ақпаратпен әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер!