Басты бетИндустриалды Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлі

Индустриалды Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлі

Индустриалды Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлі Индустриалды Қазақстанның дамуындағы жастардың рөлі

20 мамырда Қазақ технология және бизнес университетінің колледж студенттеріне  «Қазақстан жастары: әлеуметтік портрет және перспективалар» тақырыбында көшпелі дәріс өткізілді.

Дәріс барысында қатысушылар жастардың толыққанды мәдени, білім беру, кәсіби және т.б. дамуына, табысты әлеуметтенуіне және оның әлеуетін елдің одан әрі дамуына бағыт-бағдар беруге жағдай жасайтын жұмыспен қамту, бизнесті дамыту, білім беру және т.б салалардағы жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалармен танысты.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығы туралы айтты. Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау – мамандардың жоғары маңыздылығын атап өтуге, еңбек жағдайларын жақсартуға және жастарды техникалық мамандықтарды таңдауға шабыттандыруға тамаша мүмкіндік. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында іс-шараларды іске асыруға байланысты мәселелерді студенттер қызыға талқылады. Атап айтқанда, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін реформалау, «Мансап компасы» платформасында оқушыларға кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру, жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіптік стандартты жаңарту және т. б.

Іс-шара соңында жұмысшы мамандықтар – бұл индустриалды Қазақстанның іргетасы екендігі, соның арқасында еліміздің өркендеуіне, қалалардың құрылысына, инфрақұрылымның дамуына және елдің экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді деген түйін жасалды.