Басты бет«Атамекен» жобасы аясында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музей сабағы

«Атамекен» жобасы аясында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музей сабағы

«Атамекен»  жобасы аясында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музей сабағы

2025 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының Мәдени және білім беру жобалары қызметінің қызметкерлері Астана қаласындағы №83 «Жансая» балабақшасының мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне көшпелі музей сабағын өткізді.

Іс-шара «Атамекен» ғылыми-танымдық жобасы аясында ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – балаларды мәдени-тарихи құндылықтарға баулу, мұражай әлемімен таныстыру арқылы отансүйгіштікке, руханиятқа тәрбиелеу.

Танымдық және ойын түрінде ұйымдастырылған музей сабағы барысында балалар музей, жәдігерлер, коллекция дегеннің не екенін білді.

 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамытуға және сөздік қорын кеңейтуге бағытталған интерактивті әдістер – демонстрациялар, диалогтар, ойындар мен тапсырмаларға ерекше көңіл бөлінді. Музей сабағы балалар мен тәрбиешілердің қызығушылығын тудырды.

Мұндай сабақтар өскелең ұрпақтың ерте мәдени және азаматтық тәрбиесінің маңызды көрсеткіші болып саналады, балалардың бойында өз елінің тарихы мен дәстүріне құрметпен қарау қасиетін дамытады.