
Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы ардагер, Социалистік Еңбек Ері Валентин Петрович Щербаковқа барды.
Кездесу барысында Валетин Петровичке ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболаттың алғыс хаты мен азық-түлік себеті табысталды.
Келе жатқан Жеңіс Күнімен құттықтаған Қр Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов ардагерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және құт-береке тілеп, В.П. Щербаковқа ерен еңбегі мен еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Осы бір ізгі іс тек құрмет пен ризашылықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар өз Отанына қызмет етудің үлгісін көрсеткен адамдарды жадымызда сақтаудың маңыздылығын ұғындырғандай.