Басты бетҚаһарман қазақстандықтар: соғыс қасіреті мен қазақстандықтардың гитлерлік Германияға қарсы шайқа...

Қаһарман қазақстандықтар: соғыс қасіреті мен қазақстандықтардың гитлерлік Германияға қарсы шайқастағы ерлігі туралы дәріс

Қаһарман қазақстандықтар: соғыс қасіреті  мен қазақстандықтардың гитлерлік Германияға қарсы шайқастағы ерлігі туралы дәріс Қаһарман қазақстандықтар: соғыс қасіреті  мен қазақстандықтардың гитлерлік Германияға қарсы шайқастағы ерлігі туралы дәріс Қаһарман қазақстандықтар: соғыс қасіреті  мен қазақстандықтардың гитлерлік Германияға қарсы шайқастағы ерлігі туралы дәріс Қаһарман қазақстандықтар: соғыс қасіреті  мен қазақстандықтардың гитлерлік Германияға қарсы шайқастағы ерлігі туралы дәріс

ҚР Президенттік орталығында Астана қаласындағы Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттеріне «Қаһарман қазақстандықтар. Соғыс қасіреті (қазақстандықтар гитлерлік Германияға қарсы соғыста)» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріс қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі мен ерлігін мысалға ала отырып, жас ұрпақ арасында Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының ұлы ерлігі туралы тарихи жадты сақтауға, патриоттық сезімін оятуға және жеңіске жеткен ұрпаққа құрметпен қарауға бағытталған.

Сабақ барысында жастар Ұлы Отан соғысының негізгі кезеңдері, Қазақ КСР-де жасақталған әскери бөлімдер мен құрамалар, ірі шайқастар және оларға қазақ жауынгерлерінің қатыcқандығы туралы молмағлұмат алды. Дәріскер қазақстандықтардың арасынан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары мен олардың ерліктері туралы кеңінен баяндады.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында 160 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ әртүрлі себептермен бұл марапатқа ие бола алмаған. Атақ беруден бас тартудың себептері әртүрлі болды: идеологиялық ойлар мен саяси сенімсіздіктен бюрократиялық кідірістер мен құжаттардағы қателіктерге дейін. Бұл батырлардың кейбірі кейін Тәуелсіз Қазақстанда «Халық Қаһарманы» атағын алғанымен, көбі лайықты бағаланбай қалды», – деп атап өтті Мәдени және білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Ақбота Хамитова.

Сонымен қатар, студенттер қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизандық қозғалысқа қосқан үлесі және партизан батырлары туралы мәліметтермен танысты. 1941-1945 жылдардағы қазақ әйелдерінің соғысқа қатысу тақырыбына ерекше назар аударылды. 

Сабақта тек қазақстандықтардың майдандағы ерлігі ғана емес, сонымен қатар майданда жеңіске жеткізетін қажетті затпен қамтамасыз еткен қазақ халқының тылдағы еңбек пен ерлігі туралы да айтылды.

Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қасіретті беттердің бірі – фашистік концлагерьлер мен басып алынған аумақтардағы тұтқындардың азап шегіп, миллиондаған адамның қаза тапқаны жайлы да аталып өтілді.