Басты бетҚазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жы...

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мәдени-ағартушылық жобаның ашылуын өткізді

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы № 4 орта мектепте Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының ашылуы өтті.

 «Аталар дәстүріне адалдық» мәдени-ағартушылық жобасының мақсаты қазақстан мемлекеттілігінің барлық кезеңдері мен отан тарихындағы айшықты оқиғалардың маңызын ашып көрсетуге, ұлттық рухани құндылықтарымыз бен мәдени мұрамызды насихаттауға, көрнекті тарихи тұлғалардың өмір жолы мен жасампаз істерінің мысалында өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған.

Мектеп оқушылары мен қонақтары үшін Президенттік орталықтың музей жинағынан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, сонымен қатар Б.Момышұлының – 115, М.Ғабдуллиннің – 110, Ә. Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Ерлік дастаны» көшпелі көрмесі ұсынылады.

«Бүгін – біз үшін ерекше күн. Біз Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға жиналып отырмыз. Алғашқы сөзімді еліміздің болашағы – жас ұрпаққа арнағым келеді. Бүгін, 30 сәуір күні, Рахымжан Қошқарбаев атындағы аллеяның ресми ашылуы өтті. Бұл – бәріміз үшін зор қуаныш және маңызы үлкен оқиға. Биыл Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа Жеңіс туын тіккеніне тура 80 жыл толып отыр. Бұл – еліміздің ерлік шежіресіндегі жарқын беттердің бірі, біз үшін мақтаныш. Ол – Қосшы қаласына жақын орналасқан өңірдің тумасы. Бүгін біз тек Рахымжан Қошқарбаевты ғана емес, сонымен қатар барлық ардагерлерімізді еске алып, құрмет көрсетеміз. Олардың ерлігі – қасиетті, ал оны ұмытпай, жадымызда сақтау – біздің парызымыз. Өздеріңіз білетіндей, 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Қазақстаннан 1 миллион 700 мың адам майданға аттанды. Соның ішінде 700 мыңнан астам жауынгер елге оралған жоқ. Соңғы деректер бойынша, 271 мың сарбаз хабар-ошарсыз кеткен.

Араға 80 жыл салса да, сол қасіретті соғыстың жаңғырығы бізге бейбітшілік пен ынтымақтың қаншалықты маңызды екенін әлі күнге дейін еске салып келеді. Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Азамат болу – абырой, адам болу – парыз, патриот болу – қасиетті борыш». Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілікті ту еткен мемлекет. Біз – әлемге ынтымақ пен келісім идеясын жеткізіп отырған елміз. Әрқайсымыз туған еліміздің атын асқақтатып, Туымызды биік ұстауға міндеттіміз. Президенттік орталық ұйымдастырған жоба аясында сіздер осы салтанатты ашылуға қатысып, тақырыптық көрмелерге, экскурсияларға, музейлік сабақтарға, сондай-ақ Қосшы қаласының педагогтарына арналған шеберлік сабақтарға қатысатын боласыздар», – деді өз сөзінде ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанды қорғаған жауынгерлердің ерлік істерін көрсететін 100-ге жуық материал, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуына арналған экспонаттар қойылған.

Көрме 3 бөлімнен тұрады:

І. «Ұлы Отан соғысының батырлары». Бұл бөлімде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерліктері туралы материалдар берілген. 2025 жылы Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының (24.10.1910-10.06.1982) туғанына 115 жыл, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге (15.11.1915-02.01.1973) 110 жыл және қазақтың мерген қызы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға (25.10.1925 – 14.01.1944) 100 жыл толады.

Қазақстандықтар шайқас алаңдарында ерлікпен шайқасты, олардың 500-ден астамы Кеңес Одағының батырлары атанды, ал төртеуі – Т.Бигелдинов, С. Луганский, Л. Беда және И. Павлов екі мәрте Батыр атанды.

Қазақ қыздары  Ә. Молдағұлова, М. Мәметова, Х. Доспанованың ерліктері Отанға деген адалдық пен батылдықтың жарқын үлгісі болып табылады. Олар елдің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы әйелдер ретінде халық жадында мәңгі қалады.

ІІ. «Бабаларымыздың ерлігі ұрпақтар есінде...». Бұл бөлімде Ұлы Отан соғысының ардагері Ақбек Ідірісұлының фотосуреттері, наградалары мен құжаттары, хаттары, жеке заттары ұсынылған. Бұл бөлім соғыс туралы ғана баяндап қоймай, келушілерге Жеңісті жеткізгендермен тікелей байланыс орнатуға, өз бабаларының қаһармандығы туралы естеліктерді сақтауға және бейбітшіліктің құнын түсінуге мүмкіндік береді.

ІІІ.  «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері».

Бөлім көрермендерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасу тарихымен таныстырады, оның бастапқы нүктесі 1992 жылғы 7 мамыр. Бұл күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлықтарға қол қойылды.

Биылғы жылы жоба бағдарламасы кеңейтіліп, мектеп бағдарламасына сәйкес, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес «Жәдігерлер сыр шертеді» сериясынан тақырыптық экскурсиялар, мұражайлық дәрістермен толықтырылды. Мұғалімдер үшін арнайы алаң – «Педагогикалық идеялар шеберханасы» ұйымдастырылды.

1. «Қос шынар». Кольттан Калашниковқа дейін» қазақ халқының батыр қыздары М. Мәметова мен Ә. Молдағұлованың ерлігі тақырыпқа арқау бола отырып, Президенттік орталықтың музей қорындағы қарулар топтамасынан іріктелген жәдігерлер арқылы атыс қаруының эволюциясымен таныстырады.

2. «Тәуелсіздіктің тұңғыш тарханы» тақырыптық экскурсиясында Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы С. Нұрмағамбетовтің өнегелі өмір жолы, тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің қалыптасу тарихы тарқатылады.

3. «Жеңіске жеткізгендер» тақырыптық экскурсиясына Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың үлесі,  Жеңіске жету жолында рейхстагқа ту тіккен жауынгер Халық қаһарманы Р. Қошқарбаевтың ерлігі мен өмір жолы арқау болады.

4. «Саз өнерінің саңлағы» музейлік сабағында қазақ халқының ұлттық аспаптарының шығу тарихы, өнер иелерінің туындылары туралы баяндалады. Сондай-ақ Ұлы Отан соғыс жылдарында жеңісті жақындатуға үлес қосқан өнер майталмандары Н.Тілендиев пен Р. Бағланованың майдан даласындағы ерлігі баяндалады.

5. «Естен кетпес есімдер» дәрісі барысында көшпенділердің әскери өнері, Ұлы дала ұрпағының өшпес рухы, ІІ дүниежүзілік соғыстың тарихы мен салдары, ашылмаған ақтаңдақтар, Қазақстанда жасақталған жасақтар, Ұлы Отан соғысының батырлары, хабарсыз кеткен, есімдері еленбеген есіл ерлер, қазақстандықтардың майдандағы және тылдағы ерлігі  және Қазақстанның қорғаныс қорына қосқан үлесі туралы жан-жақты ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар, қазіргі уақыттағы әлемдегі геосаяси ахуалға талдау жасау арқылы тәуелсіздіктің ең басты құндылық екендігі дәлелді айғақтар арқылы түсіндіріледі.

6. Gедагогикалық идеялар шеберханасы

Педагогикалық иедялар шеберханасы аясында Президенттік орталық қызметкерлері музей педагогикасына негізделген «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ», Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» музейлік сабақтарын, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» тренинг сабағын педагогтар назарына ұсынды.