Басты бетҚР ПІБ Президенттік орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған «Ұлы жең...

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгілік жадымызда» атты салтанатты іс-шара өтеді

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс мәңгілік жадымызда» атты салтанатты іс-шара өтеді

2025 жылдың 29 сәуірінде сағат 15.00-деҚазақстан Республикасы Президенттік орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне «Ұлы жеңіс мәңгілік жадымызда» атты салтанатты іс-шара өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарастыПрезиденттік орталығы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні барша қазақстандықтар үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев атап көрсеткендей, «9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – жанқиярлықпен ел қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың рухына тағзым ететін күн. Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн».

Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы халықтардың ұлы ерліктерін өскелең ұрпақтың санасына тоқытып, жадында қалдыру. 

Іс-шара барысында студенттердің бастамасымен жарық көрген «Соғыс туралы Естелік кітабының» үшінші басылымының тұсаукесері өтеді.

Құрметті қонақтар ретінде «Естелік кітабында» есімдері аталған Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың туыстары шақырылды. Сонымен қатар мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық қауымдастық мүшелері, елордалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысады.

Құттықтау сөз сөйлейтіндер қатарында – Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат,М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры Александр Сидорович, Қазақстандағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абай Тасболатов бар.

Кездесу соңында ҚР ПІБ Президенттік орталығы ұйымдастырған Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған шығармаларды насихаттау мен тарихи жадыны сақтау мақсатындағы «Жеңіс дауысы» музыкалық-поэтикалық челленджінің қатысушылары өнер көрсетеді.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес28.04.2025 күнгі сағат 11.00 дейінpresident.center@mail.ru электрон поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а