Басты бетОқушылар қазақ батырларының тарихына терең бойлады

Оқушылар қазақ батырларының тарихына терең бойлады

Оқушылар қазақ батырларының тарихына терең бойлады Оқушылар қазақ батырларының тарихына терең бойлады Оқушылар қазақ батырларының тарихына терең бойлады

25 сәуірде Президенттік орталықта Астана қаласындағы №22 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларына арналған музей сабақтары өтті. «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ» тақырыбына арналған сабақтар интерактивті форматта ұйымдастырылды.

Мәдени және білім беру жобалары қызметінің аға сарапшысы Гүлсім Сәрсекеева мектеп оқушыларына қызықты сабақ өткізді, оның барысында жасөспірімдер қазақ қару-жарақтарының тарихы, батырлар дәстүрі және Тәуелсіздік күні мен Отан қорғаушылар күні мерекелерінің мағынасын білді.  

Күш пен құрметтің белгісіне айналған қару-жарақтың мәніне баса назар аударылды. Мектеп оқушылары қаруды сыйға тартудың тарихи дәстүрімен танысты, сонымен қатар қазақ, араб, кавказ және еуропалық қару-жарақ үлгілерін қамтитын бірегей жәдігерлер топтамасын тамашалады.

Қазақ жауынгерлерінің дәстүрлі қаруы саналатын «бес қару» ұғымы сабақ тақырыбына арқау болды. Дәріскер қарудың әр түрінің маңыздылығы және олардың жауынгерлердің өміріндегі орны туралы баяндады. Сонымен қатар, оқушылар қазақ батырлары – Бөгенбай, Қабанбай және Малайсары есімдерімен, олардың ел тарихына қосқан үлестерімен танысты.

Сабақтың жарқын сәті –  оқушылардың жәдігерлерді қолмен ұстап көруі болды. Бұл оларға өткен дәуірлерге терең бойлап, өздерін тарихтағы  батырлардай сезіне алуына септігін тигізді.