





Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы Astana IT University мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттік активіне «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар мен құндылықтар жүйесі» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өткізді.
Президенттің құқықтық мемлекетті қалыптастыру бастамаларын насихаттауға, жастардың азаматтық-патриоттық санасын дамытуға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға бағытталған оқу бағдарламасы аясындақатысушылар дәрістер тыңдап, интерактивті жаттығулар, тренингтер, командалық ойындар мен жобалық жұмыстарға қатысты.
Дәрістер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген ел дамуының стратегиялық бағыттарына ерекше назар аударылды. Дәріскерлер әділдіктің тарихи тамырына және оның қазіргі заманғы түсіндірмелеріне тоқталып, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын жан-жақты ашты.
Жастар белсенді азаматтық ұстанымын және адал әрі әділетті қоғам құруға деген ұмтылысын көрсетіп, белсенділік танытып, қызықты ұсыныстарын ортаға салды.
Қатысушылар мұндай іс-шаралардың маңыздылығын тілге тиек етіп, оның жастардың бойында ел болашағы, оның мәдениеті мен қоғамы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Astana IT University шетелдік студенті Ракеш Кумар: «Бұл жастарға мемлекет саясатын жақсырақ ұғынып, оның дамуы жолындағы өзініңрөлін түсінуге мүмкіндік беретін тамаша бастама», –деп ой бөлісті.