Басты бетАстанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» ат...

Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті

Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Президенттік орталығының және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің ұйымдастыруымен «Орталық Азия және жасанды интеллектінің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға онлайн және оффлайн форматта мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жасанды интеллект саласындағы ғалымдар мен зерттеушілер, инженерлер мен әзірлеушілер жалпы 150-ге жуық қатысушы қатысты.

«Бүгінде жасанды интеллект (ЖИ) адамның өмірінің барлық салаларына еніп, өндіріс, сауда, банк секторы, мемлекеттік басқару, ғылым, білім беру, медицина, қаржы сияқты салаларда кеңінен қолданылуда. Қазіргі таңда ChatGPT, Claude, Gemini, LLaMA сияқты ЖИ негізіндегі өнімдерді пайдаланбайтын немесе кем дегенде олар туралы естімеген адамдар аз. Сондықтан да әлемдік ЖИ жасау жарысына Google, Meta, Baidu, Alibaba сияқты жетекші державалар мен трансұлттық компаниялар белсенді қатысуда. Қазақстан да бұл үдерістерден шет қалмайды. Президент Қ.К.Тоқаев жасанды интеллект саласының дамуына үлкен мән беріп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша республикада 2024–2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанынан Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды, «Alem AI» халықаралық ЖИ орталығы ашылды, жоғары оқу орындарында ЖИ мамандарын даярлау бағдарламалары енгізілд»і, – деп атап өтті өз кіріспе сөзінде ҚР ПІБ Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.​

Жасанды интеллектті Орталық Азия елдерінде енгізу барысында туындайтын қазіргі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді түсіну, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның жасанды интеллект этикасы жөніндегі ұсынымдарын аймақтық контексте бейімдеу жолдарын талқылау – халықаралық конференцияның басты мақсаты болды. Іс-шара жастардың, әйелдердің, осал топтардың және басқа да мүдделі тараптардың әділ цифрлық орта қалыптастыру процесіне қатысуын қамтамасыз ететін инклюзивті тәсілдің маңыздылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, конференция жасанды интеллект этикасы жөніндегі үшінші жаһандық форум қарсаңында аймақ елдері мен секторлар арасындағы диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өңірлік кеңсесі директорының м.а., ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы өкілі Амир Пирич: «Біз бұл жерде өз уақытымыздың ең маңызды өзгерістерінің бірін — жасанды интеллекттің қарқынды дамуын — талқылау үшін жиналдық. Жасанды интеллект бүкіл әлем бойынша, оның ішінде Орталық Азияда да қоғамды өзгертуде. Мемлекеттік басқарудан бастап білімге, денсаулық сақтау мен ғылымға дейін ИИ үлкен мүмкіндіктер ұсынады, бірақ сонымен қатар бізге үлкен жауапкершілікпен және ұжымдық тәсілмен қарауды талап ететін жаңа сын-қатерлер тудырады. Осы тұрғыда ЮНЕСКО қызметінің өзегінде тұрған әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар маңызды рөл атқарады. Жасанды интеллекттің этикалық, құқықтық және әлеуметтік аспектілері технологиялық прогрестен қалып қоймауы керек. Адам құқықтары, қадір-қасиет және инклюзивтілік қағидаттары әрдайым назарда болуы қажет. Сол себепті ЮНЕСКО-ға мүше 193 мемлекет жасанды интеллект этикасы жөніндегі Ұсынымды қабылдады. Бұл тарихи құжат ИИ дамуының ашықтық, есептілік, әділеттілік және адами бақылау сияқты әмбебап қағидаларын белгілейді. Қазақстан цифрлық саланы белсенді дамытып келеді, бұл ұлттық ИИ дамыту тұжырымдамасын қабылдау және Alem.AI атты жаңа Халықаралық жасанды интеллект орталығын құрудан көрініс табады», — деді.

Оның айтуынша, конференция үкімет құрылымдары, ғылыми орта, жастар, жеке сектор мен азаматтық қоғам өкілдерін біріктіру арқылы жаһандық нормаларды аймақтық жағдайларға бейімдеуге жол ашады.

 «Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Жасанды интеллект осы трансформациялардың басты қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Ол мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік пен коммуникация салаларына белсенді әсер етеді. Бірақ технологиялық дамумен қатар, этикалық, құқықтық және әлеуметтік сипаттағы жаңа мәселелер туындайды. Бұл мәселелерді шешу үшін Орталық Азия елдері белсенді рөл атқаруы керек. Соңғы 10 жылда Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан цифрлық трансформация процесін түрлі деңгейлерде жүзеге асыра бастады. Бұл қадамдар өңірдің ИИ енгізуге дайын екендігін және одан экономикалық және әлеуметтік пайда алуға қабілетті екенін көрсетеді. Аймақ үйлестірілген күш-жігер арқылы өз орнын нығайта алады. Білім алмасу, мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, үйлестіру механизмдерін құру және заңнаманы үйлестіру — мұның бәрі жаһандық диалогтағы өңірдің орнын нығайтады. Этикаға негізделген, инклюзивті және жауапты ИИ қолдану — тек өңір үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де тұрақты және қауіпсіз болашақтың кепілі», — деп пікірін білдірді Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің өкілі, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы (ТҮРКПА) Бас хатшысының орынбасары Саки Садыков.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы бала құқықтарын мониторингтеу және бағалау бағдарламаларының жетекшісі Раушан Ибрашева: «Бүгінде ИИ біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ол ауруларды диагностикалайды, мектеп тапсырмаларын тексереді және балаларымыз үшін музыка таңдайды. Қазақстанда ауыл мектептеріне жақсы шешім болатын ИИ-репетиторлар белсенді енгізілуде. Алайда ересектер технологияларға сыни тұрғыдан қарай алса, балалар алгоритмдерге сеніп, қауіптерді сезінбей қалады. Біздің елде балалардың 70%-ы күнделікті интернетті пайдаланады, әрбір үшінші бала кибербуллингке тап болған, ал мектептегі чат-боттар кеңінен қолданылғанымен, дербес деректерді қорғауға кепілдік жоқ. Сондықтан ИИ енгізу барысында ЮНИСЕФ ұсынған этикалық қағидаттарға сүйену қажет: алгоритмдердің ашықтығы, бала мүддесін есепке алу, қолдануға ыңғайлы құралдар, салааралық ынтымақтастық және экологиялық жауапкершілік. Технологиялар ешқашан бейтарап болмайды – олар өз жасаушыларының құндылықтарын көрсетеді. Біздің міндетіміз — ИИ жүйелерінде балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған этикалық қағидаттарды енгізу», — деді.

Конференция барысында сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы «Адолат» ұлттық құқықтық ақпараттық орталығының директоры Акбар Мусаев, «Қазақстандағы жасанды интелектіні дамыту ассоциациясы» ЗТБ, төрағаның орынбасары Анара Тулеубаева, Astana IT University «Artificial Intelligence» ғылыми-инновациялық орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, PhD Бейбіт Абдикенов, Орта Азиялық жасанды интеллект ассоциациясының атқарушы директоры Шахриор Худойбердиев, Ntel компаниялар тобының басқарушы директоры Олжас Жұмабаев сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Қатысушылардың ЮНЕСКО ұсынымдары мен олардың Орталық Азия елдері үшін практикалық маңызы туралы жаһандық және өңірлік тәсілдер жөніндегі хабардарлығы артты;
  • Жасанды интеллектті жауапты пайдалану саласында тұрақты өзара іс-қимылға ықпал ететін секторлар мен мемлекетаралық диалог күшейтілді;
  • Жастар мен азаматтық қоғамның цифрлық технологияларға әділ көзқарастарды талқылауға қатысуы ынталандырылды;
  • Ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары айқындалып, өңірлік бағдарлар немесе жасанды интеллект саласындағы этикалық практикаларды енгізу жөніндегі жол картасын әзірлеуді қоса алғанда, бірлескен бастамалар мен жобаларды іске қосу қадамдары талқыланды.

Осылайша, конференция жасанды интеллектінің дамуы және оны мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және цифрлық экономика сияқты қоғам өмірінің түрлі салаларына енгізу барысында этикалық қағидаларды сақтау мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.