

22 сәуірде Астана қаласындағы Кәсіптік-техникалық колледжінің студенттеріне «Қазақстан жастары: әлеуметтік портрет және перспективалар» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына, әлеуметтік портретке және қазақстандық жастарды қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға арналды. Студенттер жұмыспен қамту, бизнесті дамыту және жастарға білім беру бағдарламалары мен жобаларына ерекше қызығушылық танытты.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер қызу пікірталас тудырды. Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық-кәсіптік білім беруді реформалау мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі Республикалық жоспарды бекітіп, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын қабылдады. 2025 жыл жұмысшы кадрларды даярлауда елеулі өзгерістер жылы болуға тиіс, бұл білім беру сапасын жақсартуға, жұмысшы мамандықтарға сұранысты арттыруға және бизнестің білікті мамандарға деген қажеттілігін толықтыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беруді реформалаудың маңыздылығы туралы айтты. «Жұмысшы мамандықтары жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететін болады», – деп атап өтті Президент Қ.К. Тоқаев.