Басты бетАстанада «Орталық Азия және жасанды интеллекттің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен перспективала...

Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллекттің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық конференция өтеді

Астанада «Орталық Азия және жасанды интеллекттің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық конференция өтеді

2025 жылғы 23 сәуірде сағат 15:30-да ҚР ПІБ Президенттік орталығы ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесімен бірлесіп «Орталық Азия және жасанды интеллекттің жаһандық этикасы: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференция жасанды интеллекттің дамуына және оны қоғам өмірінің әртүрлі салаларында — мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және цифрлық экономика — этикалық қағидаттар негізінде енгізуге байланысты өзекті мәселелерді талқылайтын алаң болмақ.

Іс-шараға мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, халықаралық ұйым өкілдері, жасанды интеллект саласындағы ғалымдар мен зерттеушілер, сондай-ақ жасанды интеллект мамандары мен инженерлері қатысады.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес 23.04.2025 күнгі сағат 11.00 дейін president.center@mail.ru электрон поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а