Басты бетМузей әлемі: жас өрендерге арналған патриотизм мен мәдениет сабағы

Музей әлемі: жас өрендерге арналған патриотизм мен мәдениет сабағы

Музей әлемі: жас өрендерге арналған патриотизм мен мәдениет сабағы Музей әлемі: жас өрендерге арналған патриотизм мен мәдениет сабағы Музей әлемі: жас өрендерге арналған патриотизм мен мәдениет сабағы Музей әлемі: жас өрендерге арналған патриотизм мен мәдениет сабағы Музей әлемі: жас өрендерге арналған патриотизм мен мәдениет сабағы

18 сәуірде №72 «Жанарым» балабақшасында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері балаларды мәдени-тарихи құндылықтарға баулуға және патриотизм мен рухани сезімін қалыптастыруға бағытталған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған танымдық сабақ өткізді.

Сабақ интерактивті түрде өтті, онда ойындар, жұмбақтар, әңгімелер қамтылып, нағыз мұражай жәдігерлері көрсетілді. Балалар музейдің не екенін, оның не үшін қажет екенін, коллекциялар мен экспонаттардың не екенін білді.

Сабақ барысында жас қатысушылар ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, Президенттік орталықтың қызметімен танысып, өздерін музей қызметкерлері ретінде коллекциялармен жұмыс жасап көрді.

Балалардың талқылауға, ойындарға және рефлексияға белсенді қатысуы – өз елінің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылық ерте жастан басталатынын көрсетті.