Басты бетПрезиденттік орталықта Қазақстан Республикасы Президентінің институтының 35 жылдығына арналған кө...

Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Президентінің институтының 35 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтеді

Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Президентінің институтының 35 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтеді
2025 жылы 17 сәуірде сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Президенттік институт: Әділетті Қазақстан» атты Қазақстан Республикасындағы президенттік институтының 35 жылдығына арналған қор көрмесінің ашылуы өтеді. Көрменің мақсаты – музей, архив, кітапхана қорлары материалдарының негізінде президенттік институттың қалыптасуы мен дамуының тарихын, сонымен қатар оның заманауи Қазақстанды құрудағы рөлін ашып көрсету. Көрме 2 бөлімнен тұрады. І. «Президенттік институт: жаңару мен жаңғыру жолы» атты бөлімде президенттік институтының эволюциялық дамуы туралы материалдар ұсынылған. Бөлімнің мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019-2025 жылдар аралығындағы қызмет призмасы арқылы ҚР Президенті Кеңсесінен, ҚР Орталық сайлау комиссиясынан іздестіру-жинақтау жұмыстары барысында алынған материалдар және Мемлекет басшысына сыйға тарту етілген музейлік заттар – дипломатиялық кәдесыйлар негізінде ашылып көрсетіледі. ІІ. «Президенттік институт: тарихи негіздері» бөлімінде президенттік институттың негізінің қалануы туралы материалдар: «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң, Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы және т.б. маңызды құжаттар ұсынылған. Көрменің ашылуына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депуттары, ғалымдар, сонымен қатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады. БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс! Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес 17.04.2025 күнгі сағат 11.00 дейін president.center@mail.ru электрон поштасына жіберген жөн. Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле). Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а