Басты бетЕлордалық оқушылар ұлттық аспаптар тарихымен танысты

Елордалық оқушылар ұлттық аспаптар тарихымен танысты

Елордалық оқушылар ұлттық аспаптар тарихымен танысты

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өткен ұлттық аспаптарға арналған музейлік сабаққа елордадағы І. Есенберлин атындағы № 67 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.

Қазақтың музыкалық аспаптарының тарихы туралы музейдің интерактивті залында өткен сабақта тарқатылып айтылды. Оқушылар қобыз, домбыра, жетігенді ұстап көріп, музыкалық аспаптардан төгілген күйлерді тыңдады. Сондай-ақ жасөспірімдер Қорқыт ата туралы аңыз-әңгімелерді тыңдап, нақыл сөздерін еске түсіріп, өзара пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.

 «Президенттік орталықта өткен сабақ оқушылар үшін өте қызықты болды деп ойлаймын. Өйткені музей залындағы әр аспап, одан төгілген саз жанды жадыратып, сабақта айтылған әр ақпарат әсерлі болды. Ұлттық аспаптардың тарихы, өнер саласынын майталмандары туралы мол ақпарат берілді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», – деп ой бөлісті І. Есенберлин атындағы № 67 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұрсұлу Досова.