
(Мемлекет басшысына дипломатиялық сыйлықтардан, 2023 жылғы 21 тамыз (Ханой).
Ханой сарайының макетін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вьетнамға алғашқы ресми сапары барысында Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхуонг табыс етті.
Екі мемлекет басшыларының келіссөздері барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетика, көлік-логистика, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен коммюнике қабылдады.
https://www.instagram.com/presidentcenterkz/