Басты бетПрезиденттік орталықта жаңа музейлік сабақтар

Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар

Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар Президенттік орталықта жаңа музейлік сабақтар

ҚР ПІБ Президенттік орталықта «Қазақтың зергерлік өнері» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде жаңа музей сабақтары өтті. Астанадағы Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы мен Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушылары сабаққа алғашқылардың бірі болып қатысты.

Сабақ барысында оқушылар қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының сан алуан түрімен, тарихымен, мән-мағынасымен әрі ерекшеліктерімен танысып,  қазақ халқының мәдени мұрасына терең бойлады.

Жасөспірімдер археологиялық қазбалар арқылы белгілі болған қызықты фактілерді, зергерлік бұйымдарға байланысты нанымдар мен дәстүрлерді, сондай-ақ зергерлер бұйымдарында көрініс тапқан әр ою мен тастардың мағынасы туралы білді. Оған қоса, дәріскерлер бұйымдарды жасаудың әдістері, символикасы және ою-өрнек туралы айтты.

Өткізілген музей сабақтары оқушылардың қызығушылығын арттырып, олар үшін қазақтың зергерлік өнері әлеміне қызықты саяхат болды. Сабақтың интерактивті форматының арқасында балалар көкжиектерін кеңейтіп қана қоймай, ұлттық мәдениеттің байлығы мен тереңдігіне жаңа көзқараспен қарай білді. Бұл кездесулер өскелең ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарымен таныстырудағы  маңызды қадам болды.