Басты бетЕлордада «Байқоңыр – ғарыш темірқазығы» атты тақырыптық экскурсиялар циклы өтті

Елордада «Байқоңыр – ғарыш темірқазығы» атты тақырыптық экскурсиялар циклы өтті

Елордада «Байқоңыр – ғарыш темірқазығы» атты тақырыптық экскурсиялар циклы өтті Елордада «Байқоңыр – ғарыш темірқазығы» атты тақырыптық экскурсиялар циклы өтті Елордада «Байқоңыр – ғарыш темірқазығы» атты тақырыптық экскурсиялар циклы өтті Елордада «Байқоңыр – ғарыш темірқазығы» атты тақырыптық экскурсиялар циклы өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдық мерейтойына арналған тақырыптық экскурсиялар топтамасын өткізілді. Бұл танымдық шараға басқару колледжінің, «Тұран» колледжінің және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің білім алушылары қатысты.

«Байқоңыр – ғарыш темірқазығы» тақырыптық экскурсиясы оқушылар мен студенттерге адамзаттың ғарышты игеру тарихына терең бойлап, Қазақстанның осы бір жаһандық ғылымның бетбұрысты кезеңдегі айрықша рөлімен танысуға мүмкіндік берді. Қатысушылар 1955 жылы қазақ даласының қақ төрінде негізі қаланған, адамзаттың ғарыш кеңістігіне алғашқы қадам жасаған ерекше нысанның құрылу тарихын білді, өйткені дәл осы жерден алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылып, адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көкке самғаған еді. Тыңдаушылар қазақстандық ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтің ерен еңбектерімен, сондай-ақ бүгінгі таңда Байқоңырда жүзеге асып жатқан заманауи жобалармен де жан-жақты танысты.

Экскурсиялық бағдарлама аясында көрсетілген архивтік материалдар, мультимедиялық инсталляциялар мен көрнекіліктер  қатысушыларға ғарыш сапарының ерекше атмосферасын сезінуге және ғарыштық технологиялардың  даму жолын  тамашалауға мүмкіндік берді.

Экскурсия барысында келушілер не себепті дәл Қазақстан аумағынан ірі ғарыш айлағын салуға таңдау жасалғанын білді. Қазіргі халықаралық және ұлттық ғарыш бағдарламалары шеңберінде ғарыш айлағын пайдалану, сондай-ақ XXI ғасырда ғарыш саласының даму перспективалары туралы бөлімдер ерекше қызығушылық тудырды.

Бұл іс-шара тек танымдық сипатымен ғана емес, сонымен қатар болашаққа ұмтылған ғылыми амбициялар мен тарихи мұраны ұштастыруымен де ерекшеленді. 70 жылдығын атап өтіп жатқан Байқоңыр ғарыш айлағы әлі күнге дейін прогресс пен ғарыш туралы арманның символы болып қала бермек.

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының Экскурсия жұмысы қызметі барлық қатысушыларға алғысын білдіреді және Қазақстанның жетістіктері тарихындағы жаңа сапарларды жалғастыру үшін барлық ниет білдірушілерді экскурсияларға шақырады!