




ҚР ПІБ Президенттік орталығында Астана қалалық «AMANAT» партиясының «Бірлік» филиалына қарасты «Тұңғыш» бастапқы партия ұйымының жиналысы өтті.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзі талқыланып, «Тұңғыш» БПҰ-ның 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалды, сондай-ақ «Тұңғыш» БПҰ Бюросының жаңа құрамы сайланып, партиялық ұйымнан «Бірлік» филиалының конференциясына делегаттар анықталды.
Президенттік орталықтың орынбасары сәлемдесу сөзінде «Тұңғыш» БПҰ төрағасы Серік Сыдықов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайдағы сөзінде ерекше көңіл бөлген экономиканың өсуі, ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыру, цифрландыру және адами капиталды дамыту мәселелеріне тоқталды.
«Биыл сәуір айында Президенттік орталықта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі Вера Кимнің «Адал азамат – Адал еңбек» атты қонақ дәрісі өтті. Дәріс Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 14 наурызда өткен IV Ұлттық құрылтайда айтқан бастамалары мен жобаларын талқылауға арналды. Айта кету керек, біздің Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – Президенттің бастамаларын насихаттау және түсіндіру. Бүгінде бұл бағытта жоспарлы түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті С. Сыдықов.
Айта кетейік, Астана қалалық «AMANAT» партиясы «Бірлік» филиалына қарасты «Тұңғыш» бастапқы партия ұйымының құрамына ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері мен «Жылжымайтын мүлік нысандарын пайдалану» ЖШС жұмысшылары кіреді. Қазіргі уақытта бұл ұйымның құрамында 80 партия мүшесі бар, олар елорданың қоғамдық-саяси және спорттық іс-шараларына белсенді қатысуда.