Басты бетҚазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Таза Қазақстан: экология және жастар» атты ке...

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Таза Қазақстан: экология және жастар» атты кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Таза Қазақстан: экология және жастар» атты кездесу өтті Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Таза Қазақстан: экология және жастар» атты кездесу өтті Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Таза Қазақстан: экология және жастар» атты кездесу өтті Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Таза Қазақстан: экология және жастар» атты кездесу өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Таза Қазақстан: экология және жастар» атты кездесу өтті, оның спикері ҚР Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты өңдеу және талдау департаментінің директоры Марат Қалменов болды.

Шараны Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

М.Қалменов өз сөзінде Қазақстандағы экологиялық мәселелердің маңызды тақырыптарына, еліміздің халықаралық экологиялық келісімдерге қатысуы мен міндеттемелеріне және климаттың өзгеруіне қарсы күресте энергия үнемдеудің рөліне тоқталды.

Спикер қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтардың негізгі көздері және оларды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ол келтірген статистикалық деректер тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Мысалы, Қазақстан парниктік газдар шығарындыларының үздік 30 эмитентінің қатарына кіреді, шығарындылар көлемі бойынша әлемде 23-орында, жан басына шаққандағы шығарындылар көлемі бойынша 11-орында және ЖІӨ-ге қатысты шығарындылар көлемі бойынша 9-орында.

Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі қадамдары туралы айта келе, М. Қалменов СО2 шығарындылары бойынша сауда квоталарының ұлттық жүйесін дамытуды, «жасыл» технологиялар мен экологиялық бастамаларды қолдауды, халықаралық климаттық келісімдерге қатысуды атап өтті.

«Маңызды қадамдардың бірі – қазба отындарына тәуелділікті азайтуға және тұрақты экономиканы құруға көмектесетін төмен көміртекті жобаларға инвестиция тарту», - деді ол.

Айта кету керек, кездесу танымдық және сындарлы өтті, студенттердің климаттық өзгерістер туралы хабардарлығын арттырды, олар өз кезегінде энергия үнемдеу және экологиялық жауапкершілік тақырыбына қызығушылық танытты.