«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz
Экскурсия жұмысы қызметінің маманы
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақытында және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; Президенттік орталықтың ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; келушілердің әртүрлі жас және әлеуметтік топтарына мемлекеттік және орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізу; экскурсияның бақылау мәтініне сәйкес экскурсия жүргізу әдістемесін меңгеру; шолу экскурсиясының жеке мәтінін дайындау; Президенттік орталықтың уақытша көрмелерін өткізуге қатысу; экскурсия жүргізушінің жеке папкасын қалыптастыру; Қызмет басшысына жылдық, жартыжылдық, тоқсандық және апталық жұмыс жоспарлары мен есептерін ұсыну; Қызметтің құжаттамасын қазақ, орыс тілдеріне аударуды қамтамасыз ету; Қызмет жұмысын Президенттік орталықтың басқа құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ тиісті орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, мәдени-білім беру мекемелерінің, ҮЕҰ-ның, экскурсиялық қызмет саласындағы қоғамдық ұйымдардың қызметімен үйлестіру; Президенттік орталық қызметінің бағытына байланысты президенттік және мәдени орталықтар жұмысының озық тәжірибесін зерделеу, оны пайдалану жөнінде ұсыныстарды талдау және дайындау; Ғылыми конференцияларға, семинарларға және Президенттік орталықтың ағарту жұмыстарына қатысу; Қызмет басшысының, Президенттік орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау. Қызметтік және өндірістік қажеттілік мақсатында Қызмет маманы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жазбаша келісіммен мереке және демалыс күндері міндеттерді орындауға тартылуы мүмкін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызмет маманы лауазымына жоғары кәсіптік (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (мәдениет және өнер, гуманитарлық, педагогикалық, ақпараттық технологиялар) бар адам жұмыс өтіліне талаптар қойылмай тағайындалады.
Қызмет маманы музей ісі саласындағы қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін; экскурсиялық қызметке қатысты әдістемелік құжаттарды; еңбек заңнамасының негіздерін; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; жоспарлы-есептік құжаттаманы құрастыру тәртібін; музей ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету негіздерін; компьютерлік техниканы қолдану негіздерін; ішкі еңбек тәртібі ережелерін; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) объектив -анықтамасы;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.