


Президенттік орталықтың қызметкерлері Астана қаласындағы №72 мектеп-лицейінің оқушыларына Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған көшпелі музей дәрісін өткізді.
Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бір бөлігі ғана емес, рухани, идеялық-өнегелік мәдениеттің дамуына және тәуелсіздік пен елдің бірегейлігі идеяларының жүзеге асуына ықпал етеді.
Мемлекеттік рәміздерді бекіту еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарды. Егемен Қазақстанның символикасы мемлекет идеологиясының, оның тарихи дамуы мен философиясының негізгі бағыттарын көрсетеді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу бірқатар маңызды конституциялық нормаларға жатады.
Дәрісте оқушылар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен байланысты көптеген қызықты ақпарат алды. Сондай-ақ оларға музейартефактілері, архив құжаттары және Қазақстан Республикасының елтаңбасын жасау процесі туралы деректі бейнеролик көрсетілді.
Сабақ барысында оқушылар топтық тапсырмаларды орындап, өз ойларымен бөлісіп, Тәуелсіз Қазақстан тарихын терең білетіндіктерін көрсетті.