


Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған танымдық дәріс өтті. Оған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының үздік әрі белсенді 30 тыңдаушысы қатысты.
Дәріс барысында қатысушылар қазақ музыкасын тамаша туындыларымен толықтырып, өмірін өнермен өрнектеген дара тұлға Нұрғиса Атабайұлының өмір жолы мен шығармашылығытуралы мол мағлұмат алды. Сондай-ақ композитордың Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев сынды танымал ақындармен бірлесе жасаған туындыларымен танысты. Дәулескер күйші, даңқты дирижердің «Аққу», «Махамбет» күйлері тыңдаушылардың құрақ құрышын қандырды.
Іс-шара соңында Академия тыңдаушысы Қаламқас Меллат күйшінің танымал шығармаларының бірі «Әлқисса» күйін нақышына келтіріп орындады.