Елордадағы №79 мектеп-лицейінің оқушылары Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өткен «Қазақтың музыка өнері» музей сабағына қатысты.
Сабақ барысында оқушылар қобыз, домбыра, жетіген, сазсырнай секілді қазақ халқының ұлттық аспаптарының тарихымен танысты. Сондай-аққатысушылар Қорқыт атаның нақыл сөздері мен күйлері, Дәулеткерей Шығайұлы, Дина Нұрпейісова, Әміре Қашаубаев, Нұрғиса Тілендиевтің өнер жолы мен шығармалары туралы мол мағлұмат алды.
Жеткіншектер музейдің интерактивтік залында орналасқан ұлттық аспаптардан төгілген күйлерге құрақ құрышын қандырып, тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді.
Сабақ соңында №79 мектеп-лицейінің оқушылары Еркеназ Айтуған Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін, Зере Мейіркенова Қ.Сағырбайұлының «Адай» күйін нақышына келтіріп орындады.