Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейханкөшесі, 1а, 

Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Кітапхана жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы 

 

Функционалдық міндеттері:​

өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету;

еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау; Кітапхана қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілерді орындау; Қазақстан Республикасының Президенті және экс-президенттерінің Жеке кітапханасының қызметін қамтамасыз ету; Қызметтің перспективті және ағымдағы жоспарларының іске асырылуына қатысу; біліктілікті арттыру жөніндегі шараларға қатысу; библиографиялық (тақырыптық, анықтаушы, фактографиялық) анықтамаларды орындау;кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысына, кітапхананы дамыту бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; библиографиялық көрсеткіштерді (тақырыптық, өмірбаяндық, Атаулы күндер күнтізбесі) жасау; Қазақстан мемлекеттілігінің тарихын, тәуелсіз Қазақстанның тарихын,  Қазақстан Республикасының Президенті және экс-президенттерінің қызметін зерттеуде Кітапхана қызметінің ақпараттық жұмысы үшін қажетті құжаттарды өңдеу;​Президенттік орталықтың көрме және экспозиция қызметіне қатысу: аналитикалық іріктеу, тұрақты экспозиция, ішінара реэкспозиция, көшпелі және уақытша көрмелер үшін материалды беру және экспозициялық құжаттарды дайындау; Президенттік орталықтың анықтамалық қызметіне жауап береді;жұмысты ұйымдастыру, соның ішінде мәдени-ағартушылық жұмыстарды, Президенттік орталықтың оқырмандарымен жұмысты ұйымдастыру; Қабылданған кітапханалық жіктелімге сәйкес құжаттарды жүйелеу; Құжатты техникалық өңдеу (мөрқалып соғу, штрих-кодтау, RFID-белгі жапсыру); Ақпарат өңдеу және каталогтауда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану; Басылымдарға аналитикалық-синтетикалық өңдеу жүргізу;​атқарылған жұмыстардың есебін жүргізу; Президенттік орталықтың қорын толықтыру жөнінде ұсыныс әзірлеуге қатысу;​Тозған және қайта қалпына келтіруді қажет ететін кітаптарды анықтау үшін құжаттарды қарау;​Қызметтің кіріс және шығыс құжаттарын, жоспарларды, ресми хаттардың есептерін, этикетаждарды (көрмеге кітаптар) орыс тілінен қазақ тіліне  аудару; Қазақстан Республикасының Президенті және экс-президенттерінің идеялары мен бастамаларын ақпараттық және имидждік ілгерілетуге қатысу: Қазақстан Республикасының Президентінің өмірі мен қызметін баяндау және көпшілікке түсіндіру жөніндегі ақпараттық-имидждік жұмыстарға қатысу;​Қазақстан Республикасының Президенті және экс-президенттерінің қызметін қазақстандық және шетелдік кітаптар, сериалы басылымдар, ресми құжаттар, деректер базасы негізінде ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; қорды қалыптастыру және сақтау;тозған және қайта қалпына келтіруді қажет ететін кітаптарды анықтау үшін құжаттарды қарауды жүзеге асыру; Президенттік орталық басшылығы қол қойған бұйрыққа сәйкес, қорға мерзімді тексеру жүргізуге жәрдемдесу; кітап қорын түгендеуге қатысу; кітапхана қоры мен мүлкін сақтаудың режімін және физикалық  бүтіндігінің талап етілетін режимін қамтамасыз ету; Президенттік орталық басшылығын кітап қорының сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы уақытылы хабардар ету; өзіне Қызмет басшысы немесе Президенттік орталық басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Қызметтің жетекші сарапшысы: Қызметтің жетекшісарапшысы лауазымына жоғары гуманитарлық немесе әлеуметтік білімі және 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш),

2) Анықтама-объектив;

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.