ҚР ПІБ Президенттік орталығында Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушылары үшін Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығына арналған тақырыптық экскурсия өтті.
Бұл іс-шара оқушыларға ғарышты игеру тарихына жанасу және Қазақстанның ғарыш кеңістігін игерудегі рөлі туралы білу мүмкіндігін берді.
«Байқоңыр – ғарыш темірқазығы» экскурсиясы қатысушыларға ғарыш айлағының құрылуының негізгі кезеңдерін, оның әлемдік ғарыш саласындағы маңызы мен ғылымның дамуына қосқан үлесін ашты. Оқушылар 1955 жылы шексіз қазақ даласында Жердің алғашқы ғарышкері Юрий Гагарин ғарышқа аттанған нысанның құрылысы қалай басталғанын, сондай-ақ Жердің алғашқы жасанды спутнигі ұшырылғанын білді.
Қазақстандық ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовке, сондай-ақ қазіргі заманғы ғарыш жобаларын іске асыруға ерекше көңіл бөлінді.
Экскурсия барысында ғарышкерлердің өмірін салмақсыздық жағдайында елестетуге мүмкіндік беретін шынайы тағам, ғарыштан түсірілген фотосуреттер және спутниктердің макеттері көрсетілді. Экскурсия жүргізушісінің жарқын презентацияға қоса айтқан қызықты ақпаратыэкскурсанттарды ұшу атмосферасының тарихимәнін жете түсінуге мүмкіндік берді.
Музей экспозициясымен танысудан кейін мектеп оқушылары үшін Байқоңырдың дамуына арналған тарихи деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Фильмде алғашқы ұшырылымдар мен қатал дала жағдайында ғарышты алғашқы игерушілердің қандай қиындықтарға тап болғаны туралы баяндалды.
Іс-шараның шарықтау шегі – құрметті қонақ –Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі майдандық авиацияның жойғыш авиация эскадрильясының аға ұшқышы, капитан Мирас Әлікеновпен сұхбат болды. Ол өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті, авиация саласына келу жолы туралы әңгімеледі және жұлдыздарға жол қалай басталатыны туралы балалардың сұрақтарына жауап берді. Оның шабыттана отырып айтқан әңгімесі мектеп оқушыларының аспанға, ғарышқа, технология мен мамандыққа деген қызығушылығын оятты.
Экскурсия ғарышты игерудің өткені мен болашағын біріктірген музей өміріндегі жарқын оқиға болды. 70 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Байқоңыр ғарыш айлағы ғылыми прогрестің және шексіз армандардың символы болып қала береді және мұндай іс-шаралар жастарға Қазақстанның ғаламшарды зерттеуге қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі.