



Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты екі күндік семинар-тренингтердің жаңа маусымы басталды.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының алғашқы тыңдаушылары ретінде Астана қаласындағы Техникалық және Құрылыс-техникалық колледждерінің студенттері қатысты.
Семинар-тренингтің бірінші күні қатысушылар «Әділеттік қағидаты: тарихи дәстүрлер мен заманауи модельдер» дәрісін тыңдап, топтарда практикалық жұмыс жүргізді. Түстен кейін студенттерге Президенттік орталықтың музейіне экскурсия өткізілді.
Сонымен қатар, жастарды Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» саяси бағдарламасын, оның тұжырымдамалық негіздері мен құндылық бағдарларын түсіндіретін дәріс күтіп тұр. Тренинг бөлімі барысында командалық ойын, жобаларды әзірлеу мен олардың презентациясы үйретіледі. Сонымен қатар, Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс- шаралар аясында колледж студенттері «Еңбек адамынан – ұлттың жаңа сапасына» атты кездесуге қатысады.