



11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Астана қаласы №93 мектеп-лицейінің сегізінші сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты дәріс өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету, патриотизмді, азаматтық сана-сезімді дамыту және елдің егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дәріс барысында оқушылар тәуелсіз Қазақстанның ресми рәміздерінің жасалу тарихымен танысып, мемлекеттің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықты көрсететін олардың символдық мәні мен идеологиялық жүктемесі туралы білді.
Мектеп оқушыларына Президенттік орталықтың музей және мұрағат қорындағы тарихи құжаттар көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылар мұрағаттық фото және бейнематериалдарды көре алды, ал деректі бейнероликте мемлекеттік рәміздердің жасалу барысы көрсетілді.
Тыңдаушылар талқылауға белсене қатысып, топтық тапсырмаларды орындап, өз бақылаулары мен алған әсерлерімен бөлісті. Сабақтың қорытынды бөлімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні бірлесіп орындалды.