Басты бетЖұмысшы мамандықтар жылына арналады... Еңбек адамы - мақтанышпен естіледі!

Жұмысшы мамандықтар жылына арналады... Еңбек адамы - мақтанышпен естіледі!

Жұмысшы мамандықтар жылына арналады...   Еңбек адамы - мақтанышпен естіледі!

Өз кәсібіне адал адамдар бар. Олар ешқашан өз таңдауларының дұрыстығына күмән келтірмейді, өз жұмыстарын мақтан тұтады және оның ең үздік екеніне кәміл сенімді.

Мұндай адамдардың қатарына 30 жылдық еңбек өтілі бар жоғары кәсіби маман, ҚР ПІБ Президенттік орталығының Баспа ісі және редакциялық қызметінің жетекші сарапшысы Бағлан Төлеуұлы Төребековты жатқызуға болады.

Ол мақтанышпен: менің мамандығым - полиграфист!

«Жұмыс жолын 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтында оқытушы қызметінен бастадым. 1996 жылдан бастап полиграфия және баспа ісі саласында жұмыс істеймін. Басында дизайнер болып, әртүрлі бағдарламаларды меңгердім. Кейінірек мен көптеген баспа, кесу, желімдеу және басқа да жабдықтармен жұмыс істеуді үйрендім. Қазіргі уақыттағы жұмысым да осы полиграфиямен тікелей байланысты. Біздің қызмет ҚР Президенттік орталығының іс-шаралары үшін типографиялық өнімдерді ұсынады. Мен үшін бұл шығармашылық ізденіс пен энергияны талап ететін қызықты және көңілді жұмыс. Мемлекет Президенті Қ.К.Тоқаев жариялаған биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы мен сияқты қарапайым, өз мамандығын жетік меңгерген еңбек адамдарын қолдау деп білемін. Қазақстанның қарқынды дамуына жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен білікті мамандар ғана елеулі үлестерін қосатынына сенімдімін», –деп бөлісті материал авторы.

«Еңбек адамы - мақтанышпен естіледі»!