Басты бетПрезиденттік орталықта Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті

Президенттік орталықта Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті

Президенттік орталықта Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті Президенттік орталықта Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті Президенттік орталықта Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті

​Бүгін ҚР ПІБ Президенттік орталығы және ҚРҒылым және жоғары білім министрлігі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. 

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен 
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты арасындағы серіктестік 2025 жылдың 25 қаңтарында «Отан тарихының өзекті мәселелері: жаңа көзқарастар және ізденістер» атты тарихшылардың ғылыми форумы аясында «Қазақстан археологиясы: жаңа ашылымдар» атты көрмені бірлесе отырып жоғары деңгейде ұйымдастыру сәтінен бастау алды.

Құжатқа ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат пен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Оңғар Ақан қол қойды.

Іс-шараға сондай-ақ А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Астана филиалының директоры Әзілхан Тәжекеев қатысты.

​Меморандум аясында бірлескен ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық жобаларды, қоғамдық маңызды іс-шараларды, конференцияларды, көрмелерді және т.б. ұйымдастыру қарастырылған.