Басты бетБалдырғандарға арналған көшпелі музей сабағы

Балдырғандарға арналған көшпелі музей сабағы

Балдырғандарға арналған көшпелі музей сабағы Балдырғандарға арналған көшпелі музей сабағы

Елордадағы №87 «Қадыр» балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінебалаларды мәдени-тарихи мұрамен таныстыруға, музей әлеміне бойлау арқылы патриоттық сезімдер мен рухани құндылықтарды қалыптастыруғабағытталған музей сабағы өткізілді.

Танысу-ойынынан кейін балалар жұмбақтарды қуана шешіп, музей экспонаттарымен танысып, көкжиектері мен сөздік қорын кеңейтіп, жаңа сөздер мен ұғымдарды игерді. Балдырғандар«музей», «жәдігер» және «коллекция» туралы білді. Ал «Топтаманы толтыр» интерактивті ойыны және сұраққа жауап барысында балалар алған білімдерін бекітіп, жаңа нәрсені үйрену арқылы ерекше қуанышқа бөленді. 

Сонымен қатар, балалар Президенттік орталық музейінің жұмысы туралы біліп, түпнұсқадағы жәдігерлерді ұстап көрді, бұл оқу процесін есте қаларлықтай жарқырата түсті.