«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693085, e-mail: kense@plibrary.kz
Кітапхана жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау; Кітапхана қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілерді орындау; Президенттің және экс-президенттің Жеке кітапханасының қызметін қамтамасыз ету: Қазақстан мемлекеттілігінің тарихын, тәуелсіз Қазақстанның тарихын, ҚР Президенті және экс-президенттердің қызметін зерттеуде Кітапхана қызметінің ақпараттық жұмысы үшін қажетті құжаттарды өңдеу; Президенттік орталықтың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысына, дамыту бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Президенттік орталықтың көрме және экспозиция қызметіне қатысу: аналитикалық іріктеу, тұрақты экспозиция, ішінара реэкспозиция, көшпелі және уақытша көрмелер үшін материалды беру және экспозициялық құжаттарды дайындау; Президенттік орталықтың сатып алатын мерзімді басылымдарға аналитикалық сараптама жасау: қабылданған өтінімдерге сәйкес жазылымға алдын ала тізім жасау; Президенттік орталықтың директорында жазылымға өтінімдерді қалыптастыру және келісу; «Евразия-Пресс», «Қазпошта» жазылу агенттіктері арқылы бекітілген өтінімдерді жаздыру және ресімдеу; Қызметтің жетекші сарапшысы болмаған кезде (іссапар, демалыс, ауру және т.б.) анықтамалық қызметтің жұмысына жауаптылық; Президенттік орталықтың оқырмандарымен жұмысты, соның ішінде мәдени-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру; Қызметтің перспективті және ағымдағы жоспарларын іске асыруға қатысу; бөлімнің қорын көпшілікке таныту және оқуға қызығушылықты тәрбиелеу мақсатында көрме қызметін ұйымдастыру (дәстүрлі және виртуалды түрде ақпараттық, тақырыптық және басқа көрмелерді дайындайды); библиографиялық (тақырыптық, анықтаушы, фактографиялық) анықтамаларды дайындау; басылымдарды аналитикалық-синтетикалық өңдеуді жүзеге асыру; ақпаратты өңдеу және каталог жасау үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану; қабылданған кітапханалық жіктеуге сәйкес, құжаттарды жүйелеу, құжатты техникалық өңдеу (мөрқалып соғу, штрих-кодтау, RFID-белгі жапсыру); кітапхана қорын жинақтау бойынша жұмысқа қатысу (қазақстандық басылымдарға мониторинг жүргізу); кітапхана қорын өңдеу жұмысына қатысу; кітапханалық жіктеуге сәйкес қорды орналастыруға және ресімдеуге қатысу; атқарылған жұмыстардың есебін жүргізу; - тозған және қайта қалпына келтіруді қажет ететін кітаптарды анықтау үшін құжаттарды қарау; - Президенттің идеялары мен бастамаларын ақпараттық және имидждік ілгерілетуге қатысу: Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі мен қызметін баяндау мен көпшілікке түсіндіру жөніндегі ақпараттық-имидждік жұмыстарға қатысу; Президент қызметін қазақстандық және шетелдік кітаптар, сериялы басылымдар, ресми құжаттар, деректер базасы негізінде ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; қорды қалыптастыру және сақтау: мерзімді басылымдардың (журналдар мен газеттер) келіп түсуін ұйымдастыру және есебін жүргізу, электронды түрде тіркеу картотекасын жүргізу; тозған және қайта қалпына келтіруді қажет ететін кітаптарды анықтау үшін құжаттарды қарауды жүзеге асыру; мекеме директоры қол қойған бұйрыққа сәйкес, қорды жоспарлы тексеру өткізуге жердемдесу; кітап қорын түгендеуге қатысу; Президенттік орталықтың қоры мен мүлкін сақтаудың және физикалық бүтіндігінің талап етілетін режимін қамтамасыз ету; Президенттік орталықтың басшыларына кітапханалық қордың сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы уақытылы ақпарат беру; материалдық құндылықтарды қабылдау, есепке алу және бүтіндігін қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру; сенбі және жексенбі күндері, өндірістік қажеттілік болған жағдайда кезекшілік жасау; өзіне Қызмет басшысы немесе Президенттік орталықтың басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызметтің жетекші сарапшысы лауазымына жоғары гуманитарлық немесе әлеуметтік білімі және 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады.
Жетекші сарапшы: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге нормативтік құқықтық актілері мен ақпараттық және кітапхана жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды, қызмет бейінін, мамандану және ұйымның құрылымын, кітапхана қорын жинақтау, сақтау, іздеу, беру және есепке алу қағидасын, кітапхана қызметін көрсетуде қолданылатын заманауи ақпараттық-іздестіру жүйелерін, ақпаратты топтастырудың қабылданған жүйесі мен каталогтарды құрастыру ережесін, кітапханааралық абонементтің жалпымемлекеттік жүйесін, ұйымдастыру қызметі саласына жататын технология, құрылымдау, экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша библиографиялық анықтамалықтарды, оқырмандардың кітапхана қорының бірліктерін жоғалтқан жағдайдағы өтеу тәртібін, кітапхана жұмысы туралы есептілікті дайындау тәртібін, еңбекті ұйымдастыру негіздерін, еңбек заңнамаларын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш;
2) объектив -анықтамасы;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.