
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл - отбасылық мереке. Қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын мейрам. Бұл кез келген жерде ерекше атмосфера орнаған, балалар мен ересектер де кереметтер мен сыйлықтар күтетін уақыт.
Түркі халықтарында Наурыз жыл басы саналғанымен, 31 желтоқсанда отбасымен, достарымен мерекелік дастарханға жиналып, жаңа жылды тойлау игі дәстүрі өмірімізден берік орын алған.
Ендеше 2025 жыл баршамызға жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, мөлдір махаббат және тілектердің орындалуын әкелсін.
Әр шаңырақ шаттық пен мейірімге бөленсін! Мереке құтты болсын!!!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының директоры
БАҚЫТЖАН ТЕМІРБОЛАТ