Басты бет«Адал азамат – адал еңбек» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Адал азамат – адал еңбек» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

«Адал азамат – адал еңбек» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды «Адал азамат – адал еңбек» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды «Адал азамат – адал еңбек» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Астана қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирінің жартылай финалдық, финалдық ойындары және жеңімпаздарды марапаттау өтті.

Жыл бойы «Адал азамат – адал еңбек» пікірсайыс алаңында жоғары сынып оқушылары парламенттік пікірталас форматында сауатты және дәлелді дәйектер келтіру, өз ұстанымдарын қорғау, көпшілік алдында әдепті, логикалық және мазмұнды сөйлеу дағдылары бойынша сайысқа түсті.

Жартылай финалға қатысқан сегіз команда: «Самұрық» (№96 ОМ), «Youth Parliament» (№24 ОМ), «Достар» (№103 ОМ), «Зерделі» (Халықаралық Зерделі мектебі), «Алты Алаш» (№58 ОМ), «Даму» (№52 ОМ), «Ділмар» (№78 ОМ), «Алаш» (А. Байтұрсынұлы атындағы Binom school мектеп-лицейі) мектептегі буллингтің өзекті мәселесін зерттеп, құрбы-құрдастарын жәбірлеген балалардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке (айыппұл) тартуды «жақтап» және «қарсы»уәждерін ортаға салды.

Финалға «Даму», «Самұрық», «Зерделі» және «Алаш» фракциялары шықты. Олардың спикерлері «Патриотизм ұлтшылдыққа емес, жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделуі керек» тақырыбын талқылады.

Қазылар алқасының мүшелері позицияны баяндау логикасын, жүйелілігі мен айқындылығын, дәйектердің мазмұндылығын, сауаттылығын, сөйлеу мәдениеті мен мәнерлілігін бағалай отырып, ең мықты – «Даму» командасын анықтады.

Сонымен, Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының командасы Президенттік орталықтың пікірсайыс турнирінің жеңімпазы деп танылды. Екінші орынды А. Байтұрсынұлы атындағы Binom school мектеп-лицейінің командасы иеленді, үшінші орын – Халықаралық Зерделі мектебінің еңшісінде. №96 мектеп-гимназиясының командасы турнирдің финалисі ретінде дипломға ие болды.

Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.