Басты бетПрезиденттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипло...

Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды

Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды Президенттік орталықта Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының ПІБ Президенттік орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің дипломдық жұмыстарының «Шығармашылық әуендер» атты көрмесі ашылды. Көрме қосымша білім беру мекемелерін қолдауға және балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған «Туған өлкем» жобасы аясында ұйымдастырылды.

ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі көрме ерекше өндірістіктехникасымен ерекшеленетінін атап өтті. Жыл сайынғы көрме жобалары дәстүрлі түрде Павлодарлық түлектердің дипломдық жұмыстары қойылған «Туған өлкем» көрмесімен аяқталады. 

«ҚР Президенттік орталығының басшылығына жас дарындардың шығармашылығын көрсетуге тамаша мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын. Бұл жобаға 10 жылға жуық жалғасып келеді. Бұл дипломдық жұмыстар көрмесіне барлық облыстар қатысты. Сонымен қатар Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің 45 жылдық мерейтойымен құттықтаймын», - деді Астанадағы Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының директоры Гүлзия Исенова.

Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі – жай ғана оқу орны емес, бұл жерде таланттар туып, шығармашылық қабілеттер ашылады. 1979 жылы құрылған БКМ-нің ұзақ тарихы мен бай дәстүрлері бар. Оның ашылуына белгілі суретшілер – Әнуар Игембаев, Константин Баранов, Қажыбек Баймульдин, Виктор Поликарпов, Павел Лысенко, Валерий Приходько, Еркін Такирбасов тікелей қатысты. 2024 жылы мектеп өзінің 45 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бүгінгі таңда БКМ-де 30 кәсіби педагог жұмыс істейді және 1250 оқушы білім алады.

Мектеп бірнеше онжылдықта көптеген қалалық, облыстық, халықаралық байқаулар мен көрмелерге белсенді қатысып келеді. Дипломанттардың, медаль иегерлерінің, лауреаттардың саны жыл сайын арта түсуде.  Мектеп базасында қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, шеберлік сыныптары өтеді.

БКМ түлектері Қазақстанның, Ресейдің, Польшаның, Италияның, Ұлыбританияның, Жапонияның және басқа елдердің бейінді оқу орындарында табысты оқиды. Осы жетістіктердің арқасында мектеп тек облыс бойынша ғана емес, сонымен қатар республикалық және халықаралық деңгейде де үлкен беделге ие болды. 2022 жылы мектеп Павлодар облысының үздік қосымша білім беру ұйымы атағымен қатар Грантқа ие болды.Мектептің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдіріліп, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 2024 жылы БКМ-де керамика шеберханасы мен компьютерлік дизайн класы ашылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына түрлі техникалар мен жанрлардағы 55 жұмыс ұсынылды: портреттер, натюрморттар, пейзаждар, коллаждар, мүсін. Шығармашылық арқылы балалар қоршаған әлемге деген көзқарастарын, сезімдері мен тәжірибелерін, тарихқа, Отанға, халықтың дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін көрсетуге тырысты.

Көрменің ашылу күні Павлодар қ. БКМпедагогтары Ахметжанова Татьяна Васильевна – «линогравюра» бойынша, Мергалиева Айдана Ардаққызы – «Ою-өрнек композициясы» атты аралас техникасындағы жұмыс бойынша Астана қ. БКМ ЮНЕСКО–клубы оқушыларына шеберлік сыныптарын өткізді.