Басты бетТәуелсіздікке тарту

Тәуелсіздікке тарту

Тәуелсіздікке тарту Тәуелсіздікке тарту Тәуелсіздікке тарту Тәуелсіздікке тарту Тәуелсіздікке тарту Тәуелсіздікке тарту

            Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Тәуелсіздік күніне арналған музейлік сабақ өтті. Оған №87 «Қадыр» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты.

Президенттік орталықтың музей залында өткен сабақты кішкентай балдырғандар еліміздің Әнұранымен ашты. Сабақ барысында балалар ел егемендігінің ең басты белгілерінің бірі мемлекеттік рәміздердің тарихымен танысты. Сондай-ақ халқымыздың асыл мұрасы саналатын ұлттық аспаптар туралы мол мағлұмат алып, өнер майталмандарының шығармашылығына терең бойлады. Сонымен қатар балдырғандар Отанға, ел мен жерге, Тәуелсіздікке арналған өлеңдерін оқып, елорда туралы ән шырқады.

Сабақ соңында №87 «Қадыр» балабақшасының қызметкері Аида Нұрғалиева «Балбырауын» күйін бабына келтіріп орындады.