Басты бетЛ.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және элект...

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электрондық ресурстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Архившілер күніне ұйымдастырылған «Цифрлық дәуірдегі архив және кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар» атты дөңгелек үстел өтті.

​Бұл іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарастыПрезиденттік орталығы ұйымдастырды, оның барысында Қазақстан Республикасы ПІБПрезиденттік орталығының архив-кітапхана қорларының электрондық ресурстары көрсетілді және архив құжаттары мен кітапхана қорларын цифрландыру мәселесі талқыланды.

​«Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы архив және кітапхана саласында көптеген өзгерістерге әкелді. Цифрлық технологиялар архивтер мен кітапханалардың жұмысын жақсартып, оларды ақпараттық орталыққа ғана емес, әлеуметтік маңызы бар мәдени-рухани орталыққа айналдырды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының архивжәне кітапхана қорларында еліміздің тарихына байланысты құнды материалдар сақталып қана қоймай, келушілерге де ұсынылады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының Архив қызметінің басшысы Хамит Момынқұл.

«Орталықтың кітапханасында сирек басылымдар, әлемдік саяси және қоғам қайраткерлерінің арнау жазулары бар сыйлық экспонаттары бар. Тарих, философия және саясаттану ғылымдарымен айналысатын ғалымдар мен жас зерттеушілер бұл кітаптармен кітапхананың оқу залында таныса алады, мұнда қазіргі уақытта заманауи компьютерлік техникамен және интернетпен жабдықталған 14 жұмыс орны бар. Кітапхана қызметі тегін және оқырмандар үшін әрқашан ашық», – деді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының Кітапхана қызметінің басшысы Жанар Дүйсенбиева.

Дөңгелек үстелге Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің  профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары қатысты. Барлығы 50-ге жуықадам болды.

«Архив саласындағы өзекті мәселелердің бірі – кадр мәселесі, кәсіби білікті мамандарды даярлау мәселесі. Біздің студенттер Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде өндірістік тәжірибеден өтеді; Архивтің оқу залында студенттер, магистранттар, докторанттар өздерінің курстық, дипломдық және диссертациялық жұмыстары үшін зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар, студенттер Архивте өткізілетін іс-шараларға, тарихи-деректі көрмелерге, дөңгелек үстелдерге, белгілі ғалымдармен, тарихшылармен кездесулерге қатысады», – деді Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ Қазақстан тарихы факультетінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Құралай Сейтказина.

«Құжаттану және мұрағаттану» бағытындамыту осы кәсіпті шектеулі түсінуден бас тартып, оның қажеттілігін түсіну керек және оны қолда бартехнологияларды қолдануға және ақпаратпенсауатты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тереңмазмұнмен толтыру керек. Ақпарат стратегиялықресурсқа айналғандықтан, оны басқара білу керек,бұл кең гуманитарлық білімді қажет етеді»,–  деді Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ профессоры Гүлнар Мусабалина.

Дөңгелек үстел соңында «Экологиялық жағдайды жақсарту – басты міндетіміз» атты Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының архив және кітап қорларынан көрме ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының архивқорында бүгінде 160 мыңға жуық, кітапхана қорында           20 мыңға жуық басылым бар.