
2024 жылғы 28 қарашада сағат 15:00-деҚазақстан Республикасы Президенті іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұловтың мерейтойларына арналған «Тарихи тұлғалар туралы толғам»көрмесінің ашылуы өтеді.
Көрменің негізгі мақсаты тарихи тұлғалардың рухани мұрасын кеңінен насихаттау болып табылады. Қазақстан Республикасы ПІБПрезиденттік орталығының кітапхана және музей қорларынан экспонаттар мен кітаптар, мемлекет қайраткерлері туралы тарихи құжаттар қойылады.
Ізденіс, жинақтау жұмыстары нәтижесінде алынған мазмұндық материалдар да қалың жұртшылық назарына ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің, Сәкен Сейфуллин музейі, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі, Тұрар Рысқұлов атындағы Түлкібас аудандық тарихи-өлкетану музейі, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің қорларынан алынған фотосуреттер мен құжаттар тарихи тұлғалардың өмірлері мен қызметтері туралы жан-жақты баяндайды.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті кестеге сәйкес 28.11.24 күнгі сағат 10.00-ге дейінpresidentcenterkz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).
Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а