






22 қарашада Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында мәдени-білім беру жобалары қызметі ұйымдастырған «Мен сені музейге апарамын» атты Ашық есік күні өтті. Музей сабақтарына М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты тақырыптық дәріспен басталды, оның барысында тыңдаушылар еліміздің мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнұранының шығу тарихын естерінде жаңғыртты. Дәріскер ту мен елтаңбаның геральдикалық белгілеріне егжейтегжейлі талдау жүргізді, олардың мағынасы мен идеологиялық жүктемесі туралы айтты, сонымен қатар әнұранның мәтінін талдап, оның сөздері мен сөз тіркестерінің маңғынасы қаншалықты терең екендігін түсіндірді. Студенттерге Президент орталығының музей және мұрағат қорларынан алынған тарихи құжаттар көрсетілді.
«Батырлық институты: дәстүрлер, мәртебесі және қару-жарақ» сабағы «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» музей залында өтті. Мұнда келушілер қаруды сыйға беру дәстүрі туралы білді, көрмеде ұсынылған қару-жарақ коллекцияларымен танысты. «Бес қару» ұғымын аша отырып, дәріскер қазақ батырының бес қаруы және жалпы батырлық институты туралы айтып берді.
Музейдің интерактивті залында өткен «Қазақтың музыка өнері» сабағында тындаушылар қазақ ұлттық аспаптарының: қобыз, домбыра және жетігеннің пайда болу тарихы мен оларды жасау ерекшеліктерімен танысып, олардың дыбысын тыңдады. Сондай-ақ, дәріскер көрнекті қазақ композиторлары мен музыканттарының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.