Басты бетМектеп жасына дейінгі балаларға арналған музейлік сабақ

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музейлік сабақ

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музейлік сабақ Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музейлік сабақ Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музейлік сабақ

Астана қаласының №26 «Үміт» бала-бақшасында Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығының «Атамекен» ғылымибілім беру жобасы аясындағы кезекті көшпелімузейлік сабақ өтті.

Жобаның мақсаты – мектепке дейінгі жәнемектеп жасындағы балалардың өз Отаныныңтарихы, мәдениеті, дәстүрлері, тарихиескерткіштері мен Қазақстанның елордасына дегенқұрмет сезімін тәрбиелеу, патриоттық сезімінқалыптастыру, сондай-ақ құзыреттілік, зерттеушілік дағдыларын, дербес ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысында «Айкербез» мектепке дейінгі даярлық тобының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы музейінің қызметімен танысты, оның қорларындағы кейбір жәдігерлерді көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, сөздік қорларын жаңа сөздермен байытты. 

Балалар жұмбақтар шешіп, музей заттарымен таныса отырып, «м» әрпімен таныстығын бекітті, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін «Жәдігерлерді толықтыр» деп аталатын ойын ойнады.

Сонымен қатар кішкентай сәбилер өлеңдер оқып, ән айтып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.