
Мемлекет басшысының Жолдауы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес елімізді тұрақты жаңғыртудағы кезекті тактикалық қадам ретінде қазіргі заманның өзекті сұрақтарына жауап береді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қана жедел экономикалық және әлеуметтік-мәдени проблемалардың алғашқы көріністеріне дереу жауап бере алады.
ҚР Конституциясының 1-бабында бекітілетін әлеуметтік мемлекеттің моделі әрбір жыл сайынғы Жолдауда көрініс тауып, іске асырылады. Соңғы Жолдауда еліміздің Президенті Қ. К. Тоқаев бүгінгі заманның өзекті мәселесін – балаларды қорғауды ерекше атап өтті. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлттық қордан республика балаларының арнайы шоттарына төлемдер түсе бастады.
Соңғы жылдары елеулі әлеуметтік проблема тудыра бастаған лудоманияның әсерінен кәмелетке толмаған адамдарды әртүрлі құмар ойындарға тартудың орын алғандығын да мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Жолдауда атап көрсетілгендей, кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мемлекет бұл мәселені шешу үшін тиісті шаралар қабылдауда.
Балалар – елдің болашағы. Келешекте елдің мүдделерін қорғайтын да, мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын да солар. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі уақытта көріп отырғанымыздай, адамгершілікке жатпайтын жайттар, дәлірек айтсақ балаларға қатысты зорлық-зомбылық белең алып отырғаны жасырын емес. Осыған байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жаза қатаңдатылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, «балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу» мәселелері жөніндегі заң күшіне енді.
Отбасын қоғамның бір ұясы ретінде қалыптастыратын ана мен бала әрқашан мемлекеттің қамқорлығында болуы керек. Әр отбасының әл-ауқаты – әлеуметтік, «халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басымдықтарының бірі. Өйткені азаматтың құндылықтарын қалыптастыратын отбасы. Тек дені сау, гүлденген отбасы ғана жаңа мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға және нығайтуға ықпал етіп, ұрпақтың бойына жаңа құндылықтарды сіңіру арқылы елдің дамуына үлесін қоса алады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтудағы орта білім берудің маңызды рөлін атап өтті. Сапалы білім – мемлекеттің болашақтағы жетістікке жетуінің кепілі. Осы бағытта «жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. «Мұғалімнің әсерін өшіру мүмкін емес» деген нақыл сөз бар. Азаматтардың тұтас буынын қалыптастыруда мұғалімнің маңыздылығы даусыз. Президент айтқандай, «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашадыҮздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық». Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдау – мұқият қарауды қажет ететін мәселе.
Әрбір азаматтың лайықты өмір сапасы мен деңгейіне қол жеткізу мақсатында әлеуметтік теңдік пен әлеуметтік әділеттілікке кепілдік беретін әлеуметтік мемлекет мәселесіне қатысты Жолдаудағы қазақстандық модельдің ерекшеліктерін атап көрсеткен жөн. Жолдауда айтылғандай, «мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты». Осы орайда Үкіметке мектепке дейінгі білім беруге жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Отбасы – жалпыадамзаттық құндылықтардың қамқоршысы екендігі баршамызға аян. Уақыт пен даму қарқыны талап етіп отырғандай, ділімзді жаңарту үдерісі отбасының қаншалықты салауатты екенлігіне байланысты. Барлық мүшелері тең, балалардың құқықтары қорғалатын, балалар барынша сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бөленген отбасының өскелең буын қазақстандықтардың бойында өз елі үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге қауқары зор. Әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық моделі негізінен ана мен баланың бірлігін қорғауды, зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне, әсіресе балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға қарсы тұруды айқын бейнелейді.
ҚР ПІБ Презтденттік орталығының
Мәдени және білім беру қызметінің басшысы,
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Күнсұлу ИСИНОВА