Басты бетЖастар экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қолдайды

Жастар экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қолдайды

Жастар экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қолдайды Жастар экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қолдайды Жастар экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қолдайды Жастар экологиялық білім беру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қолдайды

30 қазан мен 7 қараша аралығында онлайн форматта «Әділетті қоғам – Адал азамат» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл оқу бағдарламасына төрт жоғары оқу орнының: Toraighyrov university, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті және Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қатысты.

Оқу-тәжірибелік сабақтардың мақсаты – Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың әділ және құқықтық мемлекетті құру жолындағы шешімдерін және бастамаларын кеңінен насихаттау. Дәрістер стратегиялық құжаттар мен Президенттің халыққа Жолдаулары негізінде әзірленген. Тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері, экономика мен әлеуметтік саланың даму ерекшеліктері, модернизация бағдарламасы және трансформациялардың тұжырымдамалық мәселелері, елдегі жаңа өмір сүру сапасына жетудің өзекті мәселелері, адам мен қоғамның құндылықтық негіздері түсіндіріледі. Практикалық сабақтар мен тренингтер қатысушылардың жеке және командалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Басты назар Қазақстан Республикасының Президентінің қыркүйек айындағы «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына аударылды. Оның нәтижесіндетыңдаушылардың жеке және топтық жобалары әзірленіп, тренингтік бөлімде қорғалды. Көптеген жұмыстар экологиялық мәселелерге арналған, өйткені Президент экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға құрметпен қарауды қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі деп жариялаған болатын. 

Осы жылдың сәуір айында елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы басталды, оның іс-шараларына студенттер белсенді қатысып келеді және алдағы уақытта да атсалысуды жалғастырмақ.  

Студенттер халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беруді жетілдіру, экологиялық сана-сезім мен тәрбие беру ұлттың, мемлекеттің, экономиканың, жалпы қоғамның әл-ауқаты үшін өте маңызды екенін атап өтеді.